Оралда белгісіз газдан уланған балалар жазылып келеді

ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақпанның 27-сінде Орал қаласындағы №5 орта мектептің спорт залында белгісіз газдан уланып, ауруханаға түскен балалар жазылып келеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, осы залда болған 7-9-сыныптарда оқитын 24 жасөспірім медицина қызметіне жүгінген.

Облыстық балалар ауруханасының директоры Марат Шалаевтың айтуынша, барлығы 20 бала түскенімен, оның 15-і жатқызылды. Күні бүгін солардың бесеуі ғана қалды. Олардың да ауруханадан шығуы жақын.

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Бұдан бұрын дәл осындай жағдай Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде орын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар