19:33, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
Оралда биыл 500 млн. теңгеге кемінде 50 үйді жөндеу көзделіп отыр
ОРАЛ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына сәйкес Оралда биыл 500 млн. теңгеге кемінде 50 үйді жөндеу көзделіп отыр.

Қала әкімі Болат Шәкімовтің айтуынша, аталмыш бағдарламаға сәйкес қайтарылатын республикалық бюджет қаржысына 1052 тұрғын үйді жөндеу жоспарланған. Өткен жылы пилоттық жоба аясында 27 үй ретке келтірілді.
Жалпы, қала шаруашылығы қысты қалыпты өткізіп келеді. Осы мақсатта 450 млн. теңгеге 8,2 шақырым су құбыры желісі қайта құрылған болатын.
Облыс орталығында иесіз үйлер «басауруға» айналып отыр. Бұлардың саны жыл санап өсіп, қазіргі таңда тұрғын үй қорының үштен бірін құрайды. Негізгі себеп - ПИК алдындағы қордаланған қарыз, соның салдарынан ПИК-тер мұндай үйлерден бас тартуға мәжбүр болады.