17:33, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
Оралда БҚО бокс федерациясының вице-президенті А. Ербөлековтің жүлдесі үшін өткен республикалық турнир мәреге жетті
ОРАЛ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Орал қаласында БҚО бокс федерациясының вице-президенті Амангелді Ербөлековтің жүлдесі үшін 1994-1995 жылғы спортшылар арасында республикалық турнир мәреге жетті.

Оған Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және БҚО-дан жасөспірім боксшылар қатысып, тоғыз салмақ дәрежесінде бақ сынады. Финалдық сайыстар нәтижесінде Н.Есімғалиев, А.Жансарбай, К.Көптілеуов, Т.Бегалиев, Б.Қонарбай, Е.Темірболатов, А.Орынбасаров, М.Еркін, Т.Қозыбақов, Д.Төлегендер жеңімпаз атанды.