Оралда бокстан халықаралық турнир мәреге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оралда Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың жүлдесі үшін тұңғыш рет ұйымдастырылған жастар арасындағы халықаралық жарыс мәреге жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Финалдық жекпе-жектерді облыс әкімі Алтай Көлгінов тамашалады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Жапония елдерінен 130-ға тарта спортшы қатысты.  

Турнир барысында шеберліктерін көрсете білген батысқазақстандық қос боксшы Нұрсұлтан Нұриденов (49 кг) пен Әли Ағеділов (64 кг) чемпион атанды.

Сондай-ақ өз салмақ дәрежелері бойынша Рьюторе Накатики (52 кг.), Хаято Тзутсуми (56 кг, екеуі де Жапониядан), Әли Есенов (60 кг, Ақтөбе), Нүркен Нұрымов (69 кг, Атырау), Бауыржан Байгөншеков (75 кг, Павлодар), Дәулет Есенов (81 кг, Қарағанды),  Жамшидбек Махмадалиев (91 кг), Азизбек Муложонов (91 келіден жоғары, екеуі де Өзбекстаннан) үздік шықты. 

Жеңімпаз - жүлдегерлердің барлығы дипломдармен және медальдармен марапатталды. 

Соңғы жаңалықтар