09:26, 31 Шілде 2012 | GMT +5
Оралда болған өрт бір әйелдің өмірін қиып кетті
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Орал қаласында Мусин көшесі бойындағы жекеменшік үйде кеше сағат 14.30-да өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сағат 16.15-те сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша өртке қарсы қызметінің 11 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан 37 жастағы әйел қаза тапты.