Оралда бұрын сотталған азамат героинмен қолға түсті

ОРАЛ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында бұрын сотталған 37 жасар В. деген азамат есірткімен қолға түсті.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, аталған азаматтың үйін тінткен кезде 3,72 грамм героин табылған. Героин есірткінің күшті түрі болып есептеледі. Енді В. ҚР ҚК 132-бабына сәйкес жауап беретін болады.

Өткен аптада сондай-ақ заңсыз балық аулау, кісі өліміне соқтырған жол апаты, автокөлікті айдап кету мен ұрлық оқиғалары да тіркелді.

Соңғы жаңалықтар