Оралда цехтағы өрт салдарынан құрылыс материалдары, 2 жеңіл автомобиль жанып кетті

АСТАНА. 14 шілде. ҚазАқпарат - Орал қаласында «Аққайнар» АҚ аумағында тақтатас жасайтын бірқабатты цехта өрт шығып, төбесі опырылды.
None
None

Өрт салдарынан құрылыс материалдары, 2 жеңіл автомобиль жанып кетті. Жалын 03 сағат 48 минутта ауыздықталып, 06 сағат 50 минутта сөндірілді. Оны жоюға ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 20 адамнан тұратын жеке құрамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт аумағы 950 шаршыметрді шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар