Оралда «Дала дарындары» фестивалі мәреге жетті

ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында облыстық «Дала дарындары» шығармашылық жастар фестивалі мәреге жетті,
None
None

оған облыс аудандары мен қаладан жүзге жуық өнерлі жастар қатысты.

Дәстүрлі өнер байқауы биыл да эстрадалық вокал, халықтық және классикалық музыка, бейнелеу және би өнері, журналистика, әдеби шығарма аталымдары бойынша ұйымдастырылды.

Байқауда бірінші орынды иемденіп, жүзден жүйрік шыққан Артур Мерғалиев (эстрадалық вокал), Рита Нұрсұлтанова (классикалық музыка), Меруерт Мұқанова (халықтық музыка), Оралбек Ысқақ (әдеби шығарма), Үміт Жәңгірова (журналистика), Нұрбол Әміржанов (бейнелеу өнері), "Керім-ай" би ансамблі (би жанры) Астана қаласында өтетін халықаралық "Шабыт" фестиваліне жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар