Оралда депутат ардагерлерге құрмет көрсетті

ОРАЛ. Мамырдың 3-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қалалық мәслихатының депутаты Аветик Амирханян өз округінде тұратын ардагерлерге құрмет көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Депутат майдангерлер мен тыл еңбеккерлерімен кездесуді оларға мерекелік медальді тапсырумен бастады. Ардагерлер ақшалай сыйлыққа де ие болды. №16 орта мектеп оқушылары ардагерлерге арнап шағын концерт қойды. Тыл ардагері, аталмыш мектептің алғашқы директоры Софья Аухариеваның айтуынша, халық қалаулысы қарияларға қамқорлық қолын созудан еш танған емес. Аталмыш округте барлығы 20 соғыс және еңбек ардагері тұрады. Осындай сый-сияпат мерекеге келе алмағандарға да жасалды.

Соңғы жаңалықтар