Оралда Дүниежүзілік денсаулық күніне орай арнайы шара ұйымдастырылды

ОРАЛ. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сәуірдің 7-сінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай Оралдағы орталық Абай алаңында арнайы шара ұйымдастырылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Гүлуара Омарованың айтуынша, аталмыш шараға қаладағы оқу орындарының студенттері, мектеп оқушылары, денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері көптеп қатысты. Олар спорттың веложарыс, жеңіл атлетика, армрестлинг, арқан тарту сынды түрлерінен сынға түсті. Жеңімпаз-жүлдегерлерге сый-сияпат табыс етілді. Қаладағы №1 және №3 емхана дәрігерлері тілек білдірушілерге кеңес беріп, қызметтерін көрсетті.

Елбасы Жолдауына сәйкес өңірде салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатындағы шаралар тұрақты өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар