Оралда екі бірдей ірі жарыс өткізілмек

ОРАЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында таяуда екі бірдей ірі жарыс өткізілмек,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Маусымның 8-13-інде мұз айдыны сарайында даңқты боксшы, Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері, екі мәрте әлем кубогінің жеңімпазы, қос дүркін Еуропа чемпионы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Мәжіліс депутаты Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир өтеді. Оған ТМД елдерінен он команда қатысады деп күтілуде. Осыған іле-шала, маусымның 13-15-іне белгіленіп отырған еркін күрестен ересектер арасындағы ҚР чемпионаты да тартысты өтетіні анық. 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының еркін күрестен күміс жүлдегері Таймураз Тигиевтің Батыс Қазақстан облысы атынан сынға түскені белгілі.
Соңғы жаңалықтар
Референдум