Оралда «Экология балалар көзімен» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді

ОРАЛ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің жаратылыстану-математика факультетінде ақпанның 25-інде «Экология балалар көзімен» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық экологиялық-биологиялық орталық ұйымдастырған шараға білім ордаларының 8-11 сыныптарда оқитын жас зерттеушілері, қалалық және аудандық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Олар бес секция бойынша шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Екі жылда бір рет өткізіліп тұратын байқау қорытындысында жеңімпаз атанғандар биылғы сәуірде Шымкент қаласында өтетін республикалық жиынға жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар