Оралда Елбасы Жолдауына арналған пікірталас сайысы болды

ОРАЛ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Оралдағы Еуразия академиясы базасында Елбасы Жолдауына арналған облыстық пікірталас сайысы болды.
None
None

Аталмыш турнирге 50-ден астам жеткіншектер қатысып, мектептегі өзін-өзі басқару, Қазақстанда туризмді дамыту, жастарды бұқаралық спортқа тарту сынды тақырыптарда пікір таластырды.

Сайыс қорытындысында қазақ лигасында Оралдағы №38 орта мектептің «Руханият» командасы жеңімпаз атанса, орыс лигасынан №6 орта мектептен келген «Позитив» алға шықты. №6 мектеп намысын қорғаған К.Молдағалиев пен №38 мектептен А.Нұрмұханов «Үздік спикер» атанды. Барлық жүлдегерлер дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар