11:09, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Оралда ер адам өзенге батып кетті
ОРАЛ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 2 мамыр күні Орал қаласындағы «Родник» саяжай қоғамы ауданында Шаған өзенінде қайық аударылған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның салдарынан 1972 жылғы ер адам суға батып кеткен. Департамент суда құтқару қызметі мен жедел құтқару жасағының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп, марқұмның мүрдесі өзеннен шығарылды.
Облыста сәуір айында үш адам суға кеткен болатын.