13:04, 22 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Оралда ерлердің жоғары лига командалары арасында Қазақстан біріншілігі екінші турының ойындары өткізілуде
ОРАЛ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда ерлердің жоғары лига командалары арасында Қазақстан біріншілігі екінші турының ойындары өткізілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған барлығы жеті команда қатысуда. Алаң иелері «Жайық-Конденсат» командасы жарыстың алғашқы күні 3:1 есебімен «Арселор Митталды» ( Теміртау ) ұтса, кеше дәл осындай есеппен Алматының «КазНАУ» клубын тізе бүктірді. Сондай-ақ бірінші күні павлодарлық «Иртыш - АО АК» «Есіл-Викторияны» 3:0 есебімен жеңсе, «ОҚМУ-Қазығұрт» «КазНАУдан» 3:2 есебімен басым түсті. Бірінші турдан кейін астаналық «Ұшқын-Искра» командасы алда келеді.
Екінші тур ойындары желтоқсанның 26-сына дейін созылмақ.