Оралда ерлі-зайыптылар мен олардың көршілері есірткімен ұсталды

ОРАЛ. 7 наурыз. ҚазАқпарат - 5 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Оралдағы Жамбыл көшесінен есірткіқұмар 1960 және 1966 жылғы ерлі-зайыптыларды қолға түсірді.
None
None

Департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, оларды жеке тексеру барысында екеуінен де героин есірткі заты тәркіленді. Ерінен - 3,2 грамм, әйелінен - 3,17 грамм. Отбасылы есірткіқұмарлардың үйіне тінту жұмыстарын жүргізу барысында аталған есірткі затының 77,09 грамы табылған. Бұл есірткіні күдіктілер сату мақсатында сақтаған болып шықты.

Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шарасын өткізу барысында ұсталған ерлі-зайыптылардың көршілерінің де есірткі саудасымен айналысқанын анықтады. 28 жасар жігіттің үйін тексеру кезінде 2,12 грамм героин және 2 келі 353,96 грамм кептірілген марихуананы тәркіледі. Күдіктінің денесін тексеру барысында полимер орамадағы белгісіз ұнтақ табылып, сараптамаға жолданды.

Сол күні полицейлер Ақмола көшесінен есірткі қолданушы ретінде есепте тұрған 35 жасар азаматты қолға түсірді. Жеке тексеру барысында тәркіленген ұнтақ сараптама қорытындысына сәйкес 1,06 грамм героин есірткі заты болып шықты. Күдікті есірткіні сату мақсатында сақтаған.

Соңғы жаңалықтар