Оралда «Ержүрек Мәншүк» атты әскери-патриоттық әндер байқауы болды

ОРАЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда «БҚО жас ғалымдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ержүрек Мәншүк» атты әскери-патриоттық әндер байқауы болып өтті.
None
None

Ұлы Жеңістің 66 жылдығы мен тәуелсіздіктің 20 жылдығына орайластырылған шараға қаладағы ЖОО, колледждер мен мектеп-лицейлердің намысын қорғаған 16 жас дарын қатысты. Кеңес Одағының Батыры, шығыс шынары Мәншүктің Отан соғысындағы ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлығы туралы деректі фильмнен соң сахнаға көтерілген М.Мәметова атындағы мемориалдық мұражай-үйінің директоры Светлана Бектенова жастарға «Фронтовичка» майдангерлер клубы атынан алғыс айтып, жуырда ашылған жаңа экспозицияны тамашалауға шақырды. Ән құдіреті арқылы замандастарының бойында патриоттық сана-сезім қалыптастыруды көздеген байқауға қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.

Жүлдегерлер есімі Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияда өткен гала-концертте жарияланды. Бас жүлдені М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Армат Амандықов жеңіп алды. Осы күні «Қазақстан - менің Отаным» тақырыбындағы эссе байқауының да қорытындысы шығарылды. Қазақ және орыс тілдерінде жазылған 60 эссенің ішінен облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Дәурен Сағынғалиев пен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенті Алтынгүл Құсанованың еңбектері үздік деп танылды.

Соңғы жаңалықтар