17:35, 03 Мамыр 2011 | GMT +5
Оралда есірткі сатумен айналысқан екі бірдей адам ұсталды
ОРАЛ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы ішкі істер басқармасы есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері 1973 жылғы Н. деген азаматша мен 1985 жылғы С. деген азаматты қолға түсірді.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жедел-іздестіру шараларын, тергеу амалдарын сауатты жүргізу нәтижесінде полицейлер олардың өз пәтерлерінде героин сатумен айналысқанын анықтады.
Сондай-ақ Орал қаласы іргесіндегі Зеленов ауданы Мичурин ауылында тұратын 22 жасар О. да алысқа ұзаған жоқ. Ол орта мектеп маңында сіріңке қорабына салынған жалпы салмағы 5 грамм марихуананы сатқан. Оның үйін тінту кезінде сараптама қорытындысына сәйкес 70,28 грамм кептірілген марихуана тәркіленді.