Оралда «ФудМастер» компаниясының бөлімшесі ашылды

ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда «ФудМастер» компаниясының бөлімшесі ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа бөлімше ашу - «ФудМастер» компаниясының жалпы даму стратегиясына сай жасалған қадам. Бұл бөлімше компанияның аймақтардағы желі өкілдіктерінің бірі болады. Енді оралдық тұтынушылар пайдаланатын сүт өнімдерінің түрлері көбейе түспек. Компанияның өнімдері сауда сөрелеріне қысқа мерзімде түсіп тұрмақ әрі тұтынушы мейлінше сапалы өнімдерге қол жеткізеді. «Бөлімшенің болуы компанияның өз тұтынушысына бір табан жақындауына мүмкіндік береді», дейді «ФудМастер» компаниясының «Орал» бөлімшесінің жетекшісі Мәлік Жұмағалиев.

«ФудМастер» өнімдерін тұтынушылармен қатар салалық сарапшылар, сүт өндірісінің мамандары да мойындаған. Компания халықаралық және республикалық тамақ өнімдері байқауларының жүлдегері. 2009 жылы оның айраны тұтынушылардың ұлттық лигасының тәуелсіз бағасы бойынша өзге осындай отандық өнімдер арасынан «үздік айран» деп танылды. «Батыс Қазақстан облысындағы біздің жаңа тұтынушыларымызға «ФудМастер» компаниясының елімізде сүт өнімдерінің көптеген түрлерін шығаратынын және олардың сапалы сүттен жасалатынын айтқым келеді, - деді компанияның бас директоры Аида Сапарғазинова - Біз уақыт сынынан өткен «ФудМастердің» табиғи сүт өнімдерінің елімізде тұрақты сұранысқа ие екендігіне, көптеген қазақстандықтарға өнімдеріміздің қолжетімділігін мақтан тұтамыз».

Заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған үш зауыты бар компания 1915 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Елімізде компанияның 16 бөлімшесі жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар