Оралда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай шаралар ұйымдастырылды

ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай шаралар ұйымдастырылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық соттар әкімшісі, қалалық №1 және №2 сот, мамандандырылған әкімшілік соты облыстық №1 және №2 балалар үйлерінде болып, қайырымдылық шарасын өткізді. Өткен жылы да балалар үйіне қажетті тұрмыстық заттармен қатар сан алуан ойыншық алынып берілген еді. Биыл сот әкімшісі Асқар Өтегенов №1 балалар үйінде болып, жаңадан көптеген ойыншық пен шаңсорғыш жеткізіп берді. Қалалық соттар №2 балалар үйіне әдемі киім-кешек пен ойыншықтар табыс етті. Осындай қайырымдылық көмектерін Оралдағы басқа да мекеме-ұйымдар, кәсіпорындар да көрсетті. Бұлардың ішінде облыстық «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерін біріктіретін «Жайық Пресс» ЖШС ұжымы да бар.
Соңғы жаңалықтар