Оралда қала күні тойлануда

ОРАЛ. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда бүгін қала күні тойлануда.
None
None

Қалаға қарасты Круглоозерный кентінде балаларға арналған спорт алаңдары ашылса, орталық Абай алаңында мерекелік театрландырылған бағдарлама қойылды. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған «Әке даңқы» байқауының қорытындылары шығарылып, көп бала тәрбиелеп, өсірген үлгілі әкелер марапатталды. Сондай-ақ «Бізді таңғалдырған тұлғалар» аталымы бойынша үздік шыққандар да белгілі болды.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағында халық әндері қалықтаса, Абай алаңында кешкісін концерт қойылмақ. Оған ресейлік белгілі «Блестящие» тобы қатыспақ.

Бүгін сондай-ақ қала әкімі осы күні дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтайды.

Соңғы жаңалықтар