21:11, 16 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Оралда қала күніне арналған фотосурет байқауының қорытындылары шығарылды
ОРАЛ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін Оралда қала күніне арналған фотосурет байқауының қорытындылары шығарылды.

«Туған қалам - сен менің жүрегімдесің» атты дәстүрге айнала бастаған байқауға Рафхат Халелов, Оксана Каткова, Ардақ Қасымова, Владислав Горелов сынды жергілікті фотографтар қатысты. Белгілі фотограф Ярослав Куликтің пікірінше, қала көріністері туралы фотосурет қаншама жақсы болсын, онда адамдар қамтылмаса, жансыз болып шығады.
Байқау қорытындысында үздік шыққан бес фотограф дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.