Оралда қаңғыбастар құжатын қалпына келтіруге барынша мән берілуде

ОРАЛ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында орналасқан белгілі тұрағы жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы 600-ден астам адамның құжаттарын қалпына келтіріп,
None
None

тіркеуге тұрғызған. Олардың біразы - ауылдан келгендер.

Бұлардың арасында осы кезге дейін жеке куәліктерін мүлдем алмағандар, бұрынғы Кеңес одағының төлқұжатымен жүргендер баршылық. Орталыққа келетіндер қатарында Ресей, Балтық жағалауы, Өзбекстан, Түрікменстан сынды елдердің азаматтары да аз емес. Сондай-ақ биылғы су тасқыны кезінде орталық құжаттарын жоғалтқан 200 жанға қолұшын берді.

Орталық мамандарының көмегімен жыл басынан бері мұнда қабылданған жанның көпшілігі жеке құжаттарын қалпына келтірген. Он бес адам тұрақты жұмыс тауып, сегізі қоғамдық жұмысқа тартылды. Құжаттары реттелген соң сегіз адамға зейнетақы, алтауына әлеуметтік жәрдемақы тағайындалып, сегіз адам қариялар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесіне орналастырылды. Аталмыш орталықтың бас маманы Ақмаржан Жұбандықованың сөзіне қарағанда, мүгедек жандарға байланысты біраз қиындық туындап жатады. Мәселен, екі аяғы кесілген адамдарды құжаты, медициналық-сараптамалық комиссияның шешімі жоқ деген желеумен қариялар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі қабылдамай жатады. Мұндай жандарды бағып-күтуге орталықта жағдай жоқ, штат та қарастырылмаған.

Тағы бір алаңдатарлық жағдай, қаңғыбастар қатары жастармен толығуда. Бұрын егде адамдар көп болса, қазір отыз жастағылардың саны артып келеді. Қала әкімдігінің бастамасымен биыл жыл басынан бері сондай жандарды демеуге арналған бірнеше акция өткізілді. Шара аясында 700-дей қаңғыбас медициналық тексерістен өтсе, соның дені 30-40 жас аралығындағылар болып отыр.

Соңғы жаңалықтар