Оралда «Қайырымдылық - асыл қасиет» апталығы қорытындыланды
Облыстық мәдениет басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, апталық аясында өткен «Біздің өнерлі оқырмандарымыз» атты байқауының және «Салауатты өмір - мәдени демалыс» дойбы жарысының жеңімпаздары марапатталды. Бұл сайыстар зағип жандардың өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік берді. Сонымен, мәнерлеп оқу сайысында М.Мұхамбетова бірінші, Э.Мұқашева екінші, Р.Мұқашева үшінші орынды жеңіп алды.
«Аспаздық өнері» аталымында жүлделерді Б. Молдашева, А. Қуантаева мен Г. Иманғалиева, Б. Бишаева мен С. Резниковалар иеленді.
«Музыкалық өнер» аталымында жүлделі орындарды Б. Сатыбалдиев пен В. Гельцер, А.Мұхамбеталиев, С. Шүкірғалиева мен Р. Шапошниковалар бөлісті.
Апталық барысында өткізілген әрбір шара зағип жандарға демеу, ертеңгі күнге деген үміт шырағын сөндірмеуге септігін тигізді. Кеш зағип жандар қоғамы клубы жас өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.