12:45, 01 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Оралда Қазақстан Композиторлар одағының 70 жылдығына орай концерт ұйымдастырылды
ОРАЛ. Желтоқсанның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қарашаның 30-ында Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында Қазақстан Композиторлар одағының 70 жылдығына орай концерт қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Одақтың облыстық филиалы ұйымдастырған кешке Қазақстан Композиторлар одағының мүшелері Донеділ Қажымов, Александр Шевелев, Жаскелең Ғайсағалиев, Еркін Нұрымбетов қатысты. Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Қатимолла Бердіғалиев, Гүлнәр Дәукенова сынды белгілі әншілер Қазақстан композиторларының әндерін орындады.