Оралда Қазақстан Конституциясының 15 жылдығына орай дөңгелек үстел отырысы өткізілді

РАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Тамыздың 11-інде Батыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының залында "Батыс Қазақстан облысы жастарын қазақстандық патриотизмді және ұлттық бірлікті насихаттауға тарту" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Конституциясының 15 жылдық мерейтойы қарсаңында облыстық мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен болған шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Виктор Киянский, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев, "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалының жастар ісі жөніндегі кеңесшісі Афиза Семғалиева және басқа да қатысушылар баяндама жасады.

Дөңгелек үстел отырысында ҚР Конституциясының даму кезеңдері, ұлт бірлігін нығайтудағы мемлекеттік рәміздердің рөлі, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы жастар іс-әрекетінің маңызы кеңінен талқыланды.

Соңғы жаңалықтар