Оралда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды

жаңа моделінің тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар Жоспарының 1-тармағын орындау үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеген болатын. Осы заң жобасына байланысты агенттіктің облыстық басқармасы мен БҚО әкімдігі бірлесе отырып, кеше «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы ғимаратының кіші залында дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.
Басқосуға облыс әкімінің орынбасары Алтай Көлгінов, «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Кенжебай Нығмет, өңірдегі мемлекеттік органдар басшылары қатысты. Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар заң жобасына байланысты өз ой-пікірлерін білдірді. Бұл ұсыныстар агенттікке жолданатын болады.
Аталмыш заң жобасы негізінен мекеме басшыларының жауапкершілігін көтеруге, мемлекеттік қызметкерлердің мүддесін қорғауға, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы ол жөнінде оң пікір қалыптастыруға бағытталған.