Оралда қазақстандық қамтуды арттыру мәселесіне арналған кеңес болды

ОРАЛ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Алгоритм» технопаркінде 9 ақпанда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша қазақстандық қамтуды арттыру мәселелеріне арналған кеңес болды.
None
None

«NaDLoC» жергілікті үлесті дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс, тұғырнамалық жоспарлау мен сараптау жөніндегі департаментінің директоры Ерлан Қылбаев шикізатты емес секторда, әсіресе, өңдеу өнеркәсібінде қазақстандық үлесті арттыру мәселесінде туындайтын кедергілер жөнінде әңгімелеп берді. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанынан құрылған аталмыш ұлттық агенттіктің жүйелі жұмыс істей бастағанына бір жылдың жүзі болыпты. «Осы уақыт ішінде барлық өңірлерді аралап, жер қойнауын пайдаланушылармен кездесулер өткіздік, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдадық. Орын алған олқылықтар ұқсас және жүйелі сипат алып отыр. Енді осы мәліметтерді жиып-теріп, өз ұсыныстарымызбен толықтырып, құзырлы органдарға жеткіземіз», - деді Ерлан Серікұлы.

Ірі компаниялардың қысқа немесе орта мерзімге дейінгі кезеңде тауарларға, жұмыс күшіне және қызметке деген қажеттілік номенклатурасы туралы нақты ақпаратқа ие болмай, біз сатып алудың қазақстандық үлесін арттыру жөнінде нақты қадамдар жасай алмаймыз, десті сөз алған кәсіпорын өкілдері. Әсіресе, облыстағы ең ірі жер пайдаланушы кәсіпорын «ҚПО.б.в.» компаниясының тендерлерді ұйымдастырып, өткізу кезінде қызметтер жөнінде толық мәлімет ұсынбайтындығын сынға алды.

Қазақстандық үлесті арттыру мәселесінің маңызды мәнге ие болып отырғандығын облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Руслан Сапарғалиев те атап өтті. Оның айтуынша, облыста бұл бағытта кешенді жұмыс атқарылуда. Алайда іс-шаралар деңгейін жаңа сатыға көтеру қажет. Тиісті заңнамалық актілерге өзгертулер енгізілмесе, кенжелеп қалған қазақстандық үлесті арттыру ісін жеделдету қиындық тудыруда. Осы тұста ұлттық агенттіктердің көмегіне арқа сүйеу керек.

Соңғы жаңалықтар