Оралда Қазақстанның құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне арналған халықаралық конференция болды

ОРАЛ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қазіргі Қазақстанның құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашев ашқан жиынға құқықтық сала мамандары, ЖОО оқытушылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Орал қалалық сотының төрағасы Ғалымжан Ищанов сот үдерісіне қатысушылардың құқықтық мәдениетіне тоқталса, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Галина Мұқамбаева сана мен құқықтық сананың қайнар көздерін саралады. Заң ғылымдарының кандидаттары, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің докторанты Ләззат Назарқұлова, М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті заң пәндері кафедрасының меңгерушісі Салтанат Есетова және басқалар өз ойларын ортаға салды. Пленарлық мәжілістен соң бірнеше секциялық отырыстар болып, ғалымдар дөңгелек үстел басында да пікірлесті.
Соңғы жаңалықтар