13:30, 01 Маусым 2009 | GMT +5
Оралда Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаевты еске алуға арналған турнир өткізілді
ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан медициналық колледжінде волейболдан ардагерлер арасында Кеңес Одағының Батыры Есен Орақбаевты еске алуға арналған турнир өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған облыс аудандары мен қала мекемелерінен командалар қатысып, бақ сынады. Жарыстың бас төрешісі Темірхан Елеубаевтың айтуынша, мұндағы мақсат ? Ұлы Отан соғысы кезінде қаһармандық көрсетіп, одан кейінгі бейбіт еңбек жылдарында да алдыңғы шептен табылған ардагер ағаны ұлықтай отырып, салауатты өмір салтын орнықтыру.
Аталмыш медколледждің директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Мақсот Бергеннің сөзіне қарағанда, Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай Есен Орақбаевтың есімін Орал қаласы орталық көшелерінің біріне беру мәселесі күн тәртібіне қойылмақ.