Оралда Кеңес Одағының Батыры С.Жақсығұлов туралы жаңа кітап жарық көрді

ОРАЛ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда Кеңес Одағының Батыры, Тасқала ауданының түлегі Садық Жақсығұлов туралы очерк кітабы жарық көрді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Садық Жақсығұлов» деп аталатын кітаптың авторы - журналист, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков.

Садық Жақсығұловқа Днепр өзенінен өту кезіндегі қаһармандығы үшін Батыр атағы берілген болатын. Ұзақ жыл Тасқала ауданында абыройлы еңбек еткен ардагер өткен жылы 85 жасқа қараған шағында дүниеден озған еді. Ол - Тасқала ауданының құрметті азаматы.

Соңғы жаңалықтар