Оралда Кеңес Одағының және РФ-ның Батыры Н.Майдановты еске түсіруге арналған халықаралық турнир өткізілді

ОРАЛ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда ауған соғысы ардагер-мүгедектері облыстық қоғамының ұйытқы болуымен грек-рим күресінен Кеңес Одағының және Ресей Федерациясының Батыры,
None
None

батысқазақстандық Николай Майдановты еске түсіруге арналған халықаралық турнир өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оған БҚО ғана емес, сондай-ақ көршілес Орынбор, Ақтөбе, Атырау облыстарынан келген 13-16 жас аралығындағы үш жүзге тарта жасөспірім он төрт салмақ дәрежесінде белдесті. Жарыс төрешісі Батыр Қазиевтің сөзіне қарағанда, турнирде жергілікті балуандардың басымдылығы анық байқалды. Әсіресе, оралдық Артем Фатақов пен қазталовтық Данияр Қабиев ерекше әсер қалдырды.

Жеңімпаздар келер жылы ақпанда өтетін ел чемпионатына, сондай-ақ Германия, ТМД және Балтық жағалауы елдерінің спортшылары қатысатын Мәскеу қаласының Шығыс әкімшілік округінде болатын халықаралық жарысқа жолдама алды. Жүлдегерлер де бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар