Оралда қол добынан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өткізілуде

ОРАЛ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қыркүйектің 9-ында Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында қол добынан әйелдер арасында Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Чемпионатқа барлығы 13 команда қатысуда. Олар суперлига және жоғары лигаға бөлініп, сынға түсуде. Астана, Алматы қалалары, Алматы, Қызылорда облысы бәйгеге қос командадан қосса, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Батыс Қазақстаннан бір-бір құрамадан қатысуда. Батыс Қазақстанның «Ақжайығы» суперлигада өнер көрсетуде.

Біріншілік қыркүйектің 15-інде мәреге жетіп, чемпион мен жүлдегер командалар анықталады.

Соңғы жаңалықтар