Оралда көлік және байланыс қызметкерлері кәсіби мерекелеріне орай өзара сайысқа түсті

ОРАЛ. 30 шілде. ҚазАқпарат - Оралда көлік және байланыс қызметкерлері арасында волейбол мен шағын футболдан спорттық сайыс өткізілді.
None
None

Оның шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев қатысты. Еліміздің көлік және байланыс саласының дамуындағы сала мамандарының елеулі еңбегіне тоқталған Ғұмар Ислямұлы, салауатты өмір салтын насихаттауда мұндай шараның маңыздылығын да тілге тиек етті. Көлік және байланыс саласының құрылымдары арасындағы спорттық бәсекеге «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы мен түрлі мекеме-кәсіпорындардың өкілдері де арнайы келіп, кәсіби мейрамдарымен құттықтады.

Жарыста 4 команда өзара сынға түсті. Сайыс барысында теміржол бекеті қызметкерлерінен құралған «Тұлпар» командасы екі спорт түрінен де шеберлік танытты.

«Осындай спорттық шаралар арқылы сала мамандарының өз қызметіне деген жауапкершілігі артып, ұжымның арасында бірлік болады. Әсіресе, жастарымыздың бұқаралық спортқа деген қызығушылығы қуантады. Әрбір мекеме-кәсіпорындағы осындай спорттық шараларды ұйымдастырудың жастарға берер үлгі-өнегесі мол», - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Қазбек Меңеев.

Еске салайық, Қазақстанда Көлік қызметкерлері күні тамыздың алғашқы жексенбісінде атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар