Оралда көшедегі әйелмен керіскен ер адам оны пышақтап тынды

ОРАЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат - 10 қараша күні кешкісін Орал қаласындағы «Жазира» аялдамасында ер адамның әйелге пышақ салып алғаны жөнінде полицияға хабар түсті.
None
None

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аялдамаға келген ер адам өзара әңгімелесіп тұрған екі әйелді сөзге тартқанда, оның біреуі дөрекілеу жауап қатқан. Сол бойда әлгі «батыр» таяу маңдағы дүкеннен пышақ сатып алып, әйелге сілтеп үлгеріп, бой тасалаған.

Зачаган кенттік полиция бөлімінің қызметкерлері 20 минуттан кейін ер адамды қолға түсірді. Ол бұған дейін ішкі істер органдарында тонаушы ретінде есепте тұрған Зеленов ауданы Чесноков ауылының 46 жасар тұрғыны болып шықты. Одан пышақ тәркіленіп, уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар