08:01, 20 Қараша 2012 | GMT +5
Оралда ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған хоккейден жолдастық кездесу өтті
ОРАЛ. 20 қараша. ҚазАқпарат - Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында ҚР Тұңғыш Президентінің күніне арналған хоккейден оралдық «Ақжайық» және атыраулық «ҚазМұнайГаз» командалары арасында жолдастық кездесу өткізілді.
Салауатты өмір салтын орнықтыруда мұндай спорт шарасының маңызы зор екендігін Орал қалалық мәслихатының хатшысы Абат Шыныбеков, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім бастығы Тұрарбек Бекарыстанов атап өтті.
Үш кезеңнен тұратын ойын 4:2 есебімен «Ақжайықтың» пайдасына аяқталды. Оралдықтар сапында Мүсілім Оңдағанов (БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы), Сергей Уланов, Дмитрий Хамко, Вадим Кожевников гол соқты.