Оралда ҚР Ұлттық банкі филиалы музейінің көрмесі ашылды

ОРАЛ. 10 қараша. ҚазАқпарат - 9 қараша күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Музейлер - халық қазынасы» жобасы аясында ҚР Ұлттық банкі облыстық филиалы музейі көрмесі ашылды.
None
None

Аталмыш жоба Ақ Жайық өңірінде жұмыс жасап жатқан мемлекеттік және қоғамдық музейлердің рөлін көтеру, музей саласында тәжірибе алмасудың жаңа түрлерін қарастыру және өлкеге, белгілі бір тұлғаға қатысты тарихи тақырыптарды зерделеуге жастарды тарту мақсатында қолға алынған болатын.

Ұлттық банк филиалының музейі 1998 жылы қараша айында ұлттық валюта - теңгенің айналысқа енгізілуінің 5 жылдығына арналып ашылды. Көрмеге қойылған жәдігерлер өңірдегі банк жүйесінің құрылу және даму тарихы, тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық валютасын енгізу кезеңдері, Ұлттық банктің жүргізіп отырған ақша-несие саясаты, Қазақстан Теңге сарайы шығаратын бағалы монеталар туралы сыр шертеді.

Шараға Ұлттық банк Батыс Қазақстан филиалының директоры Борис Ізбасаров, ақын Ақұштап Бақтыгереева, соғыс және еңбек ардагері Бисен Жұмағалиев, өлкетанушы Жайсаң Ақбай және басқалар қатысып, оның маңыздылығын атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар