Оралда құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында президенттік көпсайыстан спартакиада мәреге жетті

Орал стансасындағы желілік ішкі істер бөлімі қызметкерлері арасында президенттік көпсайыстан спартакиада мәреге жетті.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Гүлжан Қанатованың хабарлағанындай, сайысқа 28 команда сапында жүзден астам тәртіп сақшысы қатысты.
БҚО ішкі істер департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Рахметовтің атап өткеніндей, аталмыш жарыс игі дәстүрге айналды. Оған жігіттермен қатар қыздар да қатысты. Олар 60, 100, 1000 және 3000 метр қашықтыққа жүгіруден, ұзындыққа секіруден, кешенді жаттығудан, сондай-ақ жауынгерлік қарудан нысана көздеуден, граната лақтырудан сынға түсті.
Жарыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте Орал қалалық ішкі істер басқармасының командасы жеңімпаз атанды. Орал қалалық ішкі істер басқармасы патрульдік полиция батальоны - екінші, БҚО бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командасы үшінші орынды еншіледі.
Жекелей сында үздік шыққандар да марапатталды. Жарысты ұйымдастырушылардың бірі «Динамо» қоғамы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Павел Ставкин спартакиадаға қатысушылардың дайындығы жақсы екенін, бәсекенің тартысты өткенін атап айтты.