Оралда күрделі жөндеуден кейін облыстық перинаталдық орталық ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның ашылу салтанатына қатысқан ҚР денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тамара Вощенкованың айтуынша, бұл - ана мен бала денсаулығын нығайтуда қолға алынып жатырған ауқымды шаралардың бірі. Енді облыс әйелдеріне халықаралық деңгейдегі медициналық көмек көрсетілетін болады.
Аталмыш орталықта жыл басынан бері 3623 ана жеңілденген.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің сөзіне қарағанда, өңірде өткен жылмен салыстырғанда медицина саласына бөлінген қаржы 18 пайызға өскен. Осы саланың материалдық-техникалық базасын нығайтып, ғимараттарын жаңартуға 2 млрд. теңге жұмсалды.
Перинаталдық орталықта бүгін, сондай-ақ республикалық медицина мекемелері жоғары білікті мамандарының қатысуымен конференция да өткізілді.