12:28, 04 Қараша 2009 | GMT +5
Оралда «Күз-2009» көрмесі ашылды
ОРАЛ. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қалалық көрме залында «Күз-2009» көрмесі ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрмеге оралдық он төрт суретшінің елуге жуық туындылары қойылған. Көрме бір ай бойы жұмыс жасамақ.
Жөнделіп, жаңартылып, қайтадан ашылған көрме залына суретші Нұртай Жәрдемов директор болып тағайындалды. Бұл - ағайынды қылқалам шеберлері Нұртай және Нұрбек Жәрдемовтердің алғашқы ұйымдастырған шарасы.