Оралда «Қыс-2009» республикалық командалық-штабтық жаттығулары өткізілуде

ОРАЛ. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Қарашаның 3-інде Оралда «Қыс-2009» республикалық командалық-штабтық жаттығулары басталды.
None
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, қарашаның 5-іне дейін созылатын аталмыш жаттығу барысында қысқы жағдайда болуы мүмкін төтенше жағдайлардың зардаптарын жою бағытында құтқару және басқа қызметтердің дайындығы пысықталмақ.

Жаттығуға жергілікті атқарушы билік органдары, төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою жөніндегі комиссиялар, облыстық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері атсалысуда.

Соңғы жаңалықтар