Оралда М.Мәметованы еске алуға арналған дзюдодан халықаралық жарыс мәреге жетті (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы теннис орталығында қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан халықаралық VІІ турнир мәреге жетті.
None
None

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, дәстүрлі жарысқа 17 команда құрамында 200-ден астам спортшы қатысып, белдесулерге халықаралық дәрежедегі төрешілер қазылық етті.

Турнир қорытындысында БҚО құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдені жеңіп алды. Алғашқы күні Гүлдана Әлмұхамбетова (жаттықтырушылары А.Қапсатов пен М.Баданова) 52 келі салмақта екінші орынға көтерілсе, Гауһар Ермағамбетова (бапкері К.Қаженов) қола жүлдені иеленді.

Екінші күні Сайын Ерғалиевтің шәкірттері үлкен табыстарға қол жеткізді. 90 келі салмақта қос батысқазақстандық балуан Ерназар Хамзин мен Олжас Сүлейменов финалға шықты. Мұнда Олжас жеңіске жетіп, Ерназар күміс жүлдені еншіледі. Осы салмақта тағы бір батысқазақстандық Арман Ерғалиев ресейлік дзюдошыны таза жеңіп, қола жүлдеге ие болды. Ал Темірлан Көлбай 100 келі салмақта үшінші орынға шықты.

Жеңімпаз-жүлдегерлердің бәрі медаль, грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
4 3 2

Соңғы жаңалықтар