Оралда мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыруға арналған семинар болды

ОРАЛ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыруға арналған семинар болды.
None
None

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев Елбасы тапсырмаларын орындап, биылғы Жолдауда айтылған міндеттер үдесінен шығуда мұндай шаралардың маңызы зор екендігін атап көрсетті.

Аталмыш институт директоры Серік Қапаровтың айтуынша, мұндай семинар өткізудегі мақсат - мемлекеттік қызметкерлерді оқытуда бірыңғай саясат ұстану. Облыстарда оқу түрліше жүргізілетіні белгілі. Сондықтан академия біліктілікті арттырудың бірыңғай стандартын енгізуді көздеп отыр.

Семинар барысында мемлекеттік қызметшілерді оқыту жөніндегі аймақтық орталығы оқытушылары үшін шеберлік сағаттары өткізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Болашақта мұндай семинарлар жыл сайын өткізіліп тұрмақ.

Соңғы жаңалықтар