Оралда Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» атты жастар шарасы өткізілді

ОРАЛ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы орталық Абай алаңында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» атты жастар шарасы өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оған екі мыңдай адам қатысып, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтейтіндіктерін білдірді. Шара барысында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері бойынша ең үздік зал» байқауының қорытындылары шығарылып, озып шыққандар марапатталды. Атап айтқанда, Ж.Досмұхамедов атындағы педколледж ? бірінші, №5 кәсіптік лицей ? екінші, №4 кәсіптік лицей мен Орал мұнай-газ және салалық технологиялар колледжі үшінші орынды еншіледі. Мерекеге орай өңірде басқа да шаралар ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар