Оралда «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбында өңірлік әдістемелік семинар өткізілді

Л. Қарашаның 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Мемлекеттік тіл - менің тілім» тақырыбында өңірлік әдістемелік семинар өткізілді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Семинар барысында аталмыш орталықтың директоры, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы БҚО филиалының төрағасы Болат Жексенғалиев, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті кәсіптік білім кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сабыр және басқалар мемлекеттік тілді оқытудың қазіргі таңдағы мәселелері төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Ашық сабақ үлгілері де көрсетілді.

Б.Жексенғалиевтің айтуынша, семинар қорытындысында қабылданған ұсынбалар республикалық «Ел - шежіре» қоры арқылы жинақталып, тілдерді дамытуға байланысты жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында ескерілетін болады.

Соңғы жаңалықтар