11:45, 23 Сәуір 2011 | GMT +5
Оралда облыс әкімінің кубогі үшін КТК жарысы өткізілді
ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ақжайық» КТК лигасы» жастар қоғамдық бірлестігі кеше облыс әкімінің кубогі үшін көңілді тапқыштар клубтарының аймақтық фестивалін өткізді.
Аталмыш дода мемлекеттік жастар саясатын, соның ішінде қазақша КТК-ні дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай жарыстың жастар арасында мемлекеттік тілдің қанат жаюы үшін маңызы зор.
Байқауға Алматы, Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларынан командалар қатысып, көңілді думанға бөледі. Ерекше көзге түскендер марапатталып, жастардың ықыласына ие болды.