Оралда өңірге танымал құрылысшының құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

ОРАЛ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ақ Жайық өңіріне танымал құрылысшы Алдияр Рахметовтің құрметіне Оралда облыстық қазақ драма театрының қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдияр Рахметов өңірде құрылыс саласында ұзақ жыл бойы еңбек етіп, ол басшылық еткен «Жайықауылқұрылысы» ЖШС көптеген ғимараттарды пайдалануға берген болатын. Соның бірі - қала орталығында орналасқан көрікті де сәулетті облыстық қазақ драма театры.

Ескерткіш тақтаның ашылу рәсіміне қатысқан қала әкімі Самиғолла Оразов, қазақ драма театрының директоры Құжырғали Төлеуішев, «Болашақ-Т» ЖШС директоры Қайдар Кощанов құрылыс саласына үлкен үлес қосқан абзал азамат жөнінде естеліктер айтып, марқұмды еске алды. Жиын соңында сәулетшінің зайыбы Қаншайым Алдияр Молдашұлының еңбегін жоғары бағалап, есімін ескерткіш тақтаға жазған облыс және қала әкімдігіне ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар