Оралда өңірлік конференция барысында инновациялар мен энергия үнемдеу технологияларын енгізу арқылы ТКШ-ны дамыту мәселелері талқыланады

АСТАНА. 7 тамыз. ҚазАқпарат - 2012 жылғы 8 тамызда Орал қаласында «Басқарудың тиімді әдістерін қолдану, инновациялар мен энергия үнемдеу технологияларын енгізу негізінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту» тақырыбымен өңірлік конференциясы өтеді.
None
None

Бұл туралы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-дан мәлім етті.

Конференцияға қатысу үшін жергілікті атқарушы органдардың, тұрғын үй инспекцияларының, коммуналдық кәсіпорындардың, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының басшылары мен мамандары, сондай-ақ ПИК, құрылыс және жобалау ұйымдарының басшылары, мемлекеттік сараптама өкілдері және т.б. шақырылып отыр.

Пікірталас келесідей екі секцияда өрбімек: «Көппәтерлі тұрғын үйлерді тиімді басқару және пайдалану. Тиімді меншік иесін қалыптастыру», «Энергия үнемдеуге және коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға арналған инновациялық технологиялар, материалдар». Талқылау барысында көп пәтерлі тұрғын үйлердегі энергия тиімділігі және оларды пайдалану шығындарын азайту мүмкіндіктері, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдің тиімді меншік иесін қалыптастыру арқылы тұрғын үй қорын күтіп ұстау ерекшеліктері жайында сөз қозғалмақ.

Жалпы және секциялық отырыстармен қатар отандық және шетелдік компаниялардың көрмелерін өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар