13:01, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Оралда өрт болып, екі адам қаза тапты
ОРАЛ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Кеше Орал қаласына қарасты Зачаган кентінің «Сарытау» шағынауданында тұрғын үй өртенді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, өрт орнынан шамамен 40-45 жастағы әйел адам мен 7-8 жасар ер баланың мүрдесі табылған. Олардың кім екені, өрттің шығу себептері анықталу үстінде