Оралда өткен дөңгелек үстел отырысында жастарды жұмыспен қамту мәселесі ортаға салынды

АЛ. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалында «Мамандыққа - дұрыс таңдау» атты дөңгелек үстел отырысы өтті.
None
None

Бұл жиында мектеп бітірушілердің дұрыс ма­мандық таңдауы, мамандық алып шыққан жастардың жұмысқа орналасуы төңірегінде әңгіме қозғалды.

Орал қалалық жұмыспен қам­ту және әлеуметтік бағдарла­малар бөлімінің бас маман­ы Дариға Нұрғалиеваның айту­­ынша, жұмыс іздеуші­лердің дені жастар екен. Биыл «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында 47 кәсіпорыннан 354 жұмыс орнына тапсырыс түскен. Қазіргі таңда 250 жас осы бағдарла­ма арқылы жұмыс істеу­де. Жақсы маман ретінде өзін көрсете білген кейбірі тұрақты жұмысқа орналасуда. «Бізге келген жастардың көпшілігі бірден мәртебелі жұмыстарға орналасқысы ке­леді. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы арқылы төле­­-не­тін 26 мың теңгені азсынады. Баса айтар тағы бір мәселе - жастардан жұмысшы маман­дықтарға баратын­дар сирек», деді ол.

Облыс­ты­­қ білім басқарма­сы оқу‑әдісте­мелік кабинеті­нің әдіскері Гүлнәр Ақмурзина облыс бойынша 20 лицей, 19 колледж бар деген мәлімет келтірді. «Былтыр «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» ат­ты облыстық форум өтті. Жиында кәсіптік білім беруге бизнестің қолдау жасауы мәселесі талқыланды. Биыл екінші форум өткізуді жоспарлап отырмыз. Соны­мен қатар облыс әкімдігі жанынан техникалық және кәсіптік білімді дамыту, кадрларды даярлау жөніндегі өңірлік кеңес құрылды. Ұйымдастыру отырысы болып, «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында үстіміздегі оқу жылына мемлекеттік тапсырыспен оқуға қабылдау жос­пары қаралып, бекітілді. Кәсіптік білім алып шыққан жас мамандардың жұмысқа орналасуын өңірлік кеңес қадағалайтын болады», дейді Гүлнәр Бақсиыққызы.

Сөз болған мәселелерге ой қосқан Жәңгір хан атын­дағы БҚАТУ‑дың студенттері «Дипломмен ауылға» жобасына ауыл шаруашылығы саласының мамандықтары енбей қалуына қынжыла­тындықтарын жеткізді.

Жыл сайын диплом алатын мыңдаған маманның жұмыс­қа орналасуы, оның қада­ға­лануы, қалай айтқанда да, өткір мәселе болып отыр. Осы тұрғыда «БҚО жастар қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары Манарбек Ажкенов «Облыста жұмыс нарығын зерттейтін орталық керек» деген жақсы пікір айтты.

Соңғы жаңалықтар